Накладная не найденаВ процессе регистрацииМинимум 3 символов

Қадағалау үшін, жүкқұжаттың нөмірін енгізіңіз

Скрыть

Детали накладной

Отправитель

Адрес отправления

Получатель

Адрес получателя

Отправлений

Общий вес

К оплате

Трэкинг

Детали доставки

Статус

Біздін қызметіміз

Exline шабармандық компаниясы «есіктен-есікке» қағидаты бойынша әуе, теміржол, автомобиль көлігімен Қазақстан Республикасының барлық облыстық және аудан орталықтарына және бүкіл әлем бойынша пакеттік қатынасхаттарды, сәлемдемелерді және жүктерді тасымалдау және жедел жеткізу бойынша жоғары сапалы шабарман қызметтерін ұсынады.

Exline шабармандық компаниясы 2003 жылдың 31 шілдесінде құрылған. Қысқа уақыттың ішінде Exline компаниясы шабарман қызметтері нарығында өзінің лайықты тауашасын иемденді, қазақстандық және халықаралық бизнестегі көптеген компаниялар өз жөнелтімдерін сеніп тапсыратын сенімді серіктес ретінде өзін көрсете білді.

Exline шабармандық компаниясының шабарман қызметтері мен көлік-экспедиторлық қызметтер нарығында іс жүзіндегі тәжірибесі бар және қатынасхаттар мен жүктерді тасымалдау мен жеткізудің тыңғылықты технологиясы бар. Біздің қызметкерлеріміздің білімі мен кәсіпқойлығы қымзет көрсетудің сенімді сапасы мен жоғары деңгейдегі сервисін қамтамасыз етеді.

Exline шабармандық компаниясының ұдайы дамып отырған аймақтық желісі және аймақтардағы сенімді серіктестермен өзара әрекеттесуі – Қазақстан Республикасының және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының облыс орталықтары мен аудан орталықтарына дейін жөнелтімдердің сенімді түрде және дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Exline шабармандық компаниясы ұсынатын қызметтердің барлығы – тіркелген сауда маркасымен және қолжетімді тарифтермен, қысқа мерзімдерде және жөнелтімдердің сақталуымен жүзеге асырылады. Біздің жауапкершілігіміз Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниясында сақтандырылған.

Жөнелтімдерді қайта жіберу үшін Exline шабармандық компаниясы өздігінен көшірілетін фирмалық жүкқұжаттар мен орам метериалдарын (конверттер, пакеттер және гофроқораптар) тегін ұсынады.

Exline шабармандық компаниясы барлығына қолжетімді қызмет көрсете отырып, әрбір клиентке жеке тәсілдеме қолдануды ұсынады. Өз бизнесімізді дамыта отырып, Сіздің бизнесіңізді дамытуға өз пайдамызды тигізгіміз келеді.

Exline шабармандық компаниясы қызметкерлерінің кәсіби тәжірибесі мен біздің серіктестеріміздің тәжірибесі бізге – осындай ынтымақтастықтың екі тарапқа да қаражат пен уақытты үнемдеуге жағдай жасайтынына сеніммен қарауымызға мүмкіндік береді.