Накладная не найденаВ процессе регистрацииМинимум 3 символов

Қадағалау үшін, жүкқұжаттың нөмірін енгізіңіз

Скрыть

Детали накладной

Отправитель

Адрес отправления

Получатель

Адрес получателя

Отправлений

Общий вес

К оплате

Трэкинг

Детали доставки

Статус

Шарты

Шарты

«ExLine» компаниясының қызметтеріне тапсырыс бере отырып және Жіберуші (Тапсырыс беруші) ретінде жұмыс атқара отырып, Сіз, осылайша, өз атыңыздан және жіберу жеткізіліміне қызығушылық танытып отырған кез-келген басқа тұлғаның атынан осы Негізгі сілтеме ережелердің жіберуді қабылдау кезеңінен бастап белгіленген міндеттемелерді Тараптар толық орындағанға дейінгі уақыт көлемінде жарамды болып табылатындығына өз келісіміңізді білдіресіз.

Салым сипаты

Пакет арқылы тек жазбаша хабарлама немесе коммерциялық құндылыққа ие болып табылмайтын құжаттар ғана жіберілуі мүмкін. Сақталуын қадағалау және тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында пакет арқылы тауар болып табылатын заттарды жіберу қарастырылмаған.

Салым арқылы жіберу жүзеге асырылуы мүмкін әрекет түрлерін есепке ала отырып, кез-келген тауарлар бойынша жүргізілуі мүмкін. Қару-жарақ, қару құралдары, жарылғышзаттар, радиоактивті, психотропты, улаушы, есірткі заттар мен препаттарды, қазақстандық және шетелдік валютаны, құжаттардың телнұсқаларын, басқа да тасымалдау жағдайларына кедергі келтіруі мүмкін не болмаса тасымал түрлерін өңдеу үшін қажетті заттарды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Заңнамасына сілтеме жасауға тыйым салынған басқа да тасымал түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады.

Кедендік ресімдеу мәселелері

Жіберуші (Тапсырыс беруші) жіберу, тасымалдау және қабылдауға қатысы бар елдердің заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеуді орындауға қажетті барлық құжаттарды ұсынуға міндетті болып табылады. Жіберуші (Тапсырыс беруші) кедендік декларацияда көрсетілген мәліметтердің растығына жауапты болып есептеледі. «ExLine» компаниясы кедендік органдар тарапынан қабылданатын шешімдер мен әрекеттерге жауапты емес.

Орама

Тасымалданатын заттар Жіберуші (Тапсырыс беруші) тарапынан оның габариттік мөлшеріне, заттың қандай да бір ерекше сипаттамаларына (тез сынғыш, әйнектен жасалған және т.б.), тасымалданатын заттың жолда жүру ұзақтығы мен қашықтық мөлшері талаптарына сәйкес орамада болуы қажет. Тек «ExLine» компаниясы тікелей өзінің орама материалдарымен тасымалдау жүргізген жағдайда ғана кейбір рұқсат ету жағдайлары орын алуы мүмкін.

Жауапкершілік

«ExLine» компаниясының жауапкершілігі Қазақстан Республикасының пошта байланысы қызметін көрсету саласындағы заңнамаларымен, сонымен қатар Жіберушінің (Тапсырыс берушінің) жеке қолтаңбасымен куәландырылған жіберу тасымалы қағазындағы деректердің растығын куәландыра отырып жүргізілген тұтынушымен арадағы келісімшарттық қатынастар негізінде реттеледі. «ExLine» ЖШС тек тұтынушы алдында ғана жауапты болып табылады. Жанама шығындар немесе пайда түспеу секілді жағдайлар, оның туындау себебінің қандай екендігіне құарамастан, қайтарылмайды. Сыртқы орамасы бүтін болған жағдайда, кесілген, майысқан және үзілген жерлері болмаса, «ExLine» компаниясы тауар салымының зақымдалу жағдайлары үшін жауап бермейді. Тек «ExLine» компаниясы тікелей өзінің орама материалдарымен, қосымша үстеме ақы ала отырып, тасымалдау жүргізген жағдайда ғана кейбір рұқсат ету жағдайлары орын алуы мүмкін. Жіберілетін заттың ішкі салым артикулына сәйкестігі, оның сипаты, саны, сапасы үшін жауапкершілік Жіберушінің (Тапсырыс берушінің) мойнына жүктеледі.

Жеткізу

Жеткізу көрсетілген мекен-жайлар бойынша және белгіленген мерзім аясында жүргізіледі. Жеткізілген тауар Мекен-жай иесінің (заңды тұлғалар үшін) кез-келген сенімді тұлғасына оның қолын қойдыру арқылы және Мекен-жай иесінің (жеке тұлғалар үшін) кез-келген кәмелеттік жасқа толған отбасы мүшесінің жеке куәлігін көрсетуі жағдайында жүзеге асырылады. «ExLine» компаниясына тәуелсіз себептермен жеткізу әрекеті жүзеге асырылмаған жағдайда – мекен-жайдың дұрыс көрсетілмеуі немесе толық көрсетілмеуі, Алушының (Мекен-жай иесінің) болмауы, алудан бас тарту кезінде, жеткізу жұмыстары жүргізілген болып есептеледі.

Тарификациялау

Тарификациялау «ExLine» ЖШС тарапынан бекітілген стандартты тарифтер бойынша немесе Тараптармен арада жасалған шартқа сәйкес белгіленген тарифтер бойынша жүзеге асырылады. Кедендік ресімдеу жөніндегі талаптар мен қосымша кызмет түрлері үшін дербес ақы төлеу қарастырылған.

Рекламациялау

Бұзылу, зақымдалу және жоғалу жағдайларына байланысты келтірілген шығынның орнын толтыру мақсатында жүргізілетін рекламациялау жұмыстары «ExLine» компаниясымен Тапсырыс берушіден жазбаша формада, жіберуді қабылдау күнінен 120 күнтізбелік күннен кешіктірілмеген жағдайда ғана қабылданады.