Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз

Қала ішінде жеткізу

Exline курьерлік қызметі сіздің назарыңызға Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарында жөнелтілімдерді қала ішінде жеткізу қызметтерін ұсынады.

Тарифті жылдам есептеу үшін біздің сайттағы калькуляторды пайдаланған дұрыс.

Жанармайға үстеме ақы негізгі тарифке 10% құрайды, ал ҚҚС 12%
Жөнелтілімдердi қабылдау тек жарияланған құнмен ғана жүзеге асырылады, осыған байланысты жөнелтілім тарифiне қосымша жарияланған құн сомасының 1,0%-ы алынады. Бір өтінім бойынша бір жөнелтілімнің жарияланған минималды құны - 15 000 тг., максималды құны - 1 500 000 тг. құрайды.

Ескерту

Салмақты есептеу кезінде көлемдік және нақты салмақ ескеріледі, есептеу ең үлкен салмақты ескере отырып жүргізіледі. Көлемдік салмақ келесі формула бойынша есептеледі: (ұзындығы (см) х биіктігі (см) х ені (см) / 5000 = көлемдік салмақ (кг)).

Тарифтерге мыналар кіреді: курьерді шақыру, фирмалық қаптама (конверттер), шот-фактураларды жеткізу, жеткізу туралы хабарлама (сайт, ауызша, e-mail).

Қала ішінде жеткізу тек Exline компаниясының бөлімшесі бар қалаларда ғана жүзеге асырылады.