«ExLine» ЖШС, бұдан әрі мәтін бойынша – «Орындаушы», Пакеттік хат-хабарларды және тауар салымы бар сәлемдемелерді қабылдау, жіберу және жеткізу бойынша қызметтерді көрсетуге арналған Жария офертаны (бұдан әрі мәтін бойынша «жөнелтілім») жариялайды. Қызметтер тізбесі Орындаушының www.exline.kz ресми интернет-сайтында жарияланған.
«Оферта» — Орындаушының кез келген тұлғаға (жеке немесе заңды) жолданған онымен барлық қосымшаларды қоса алғанда, Жария офертада қамтылған қолданыстағы шарттарда Жөнелтілімдерді қабылдау, жіберу және жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге (бұдан әрі - «Жария оферта») шарт жасасуға арналған жария ұсынысы.
«Қызметтер» — Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген нормаларға және Орындаушының www.exline.kz интернет-сайтында сипатталған Орындаушының технологияларына сәйкес Жөнелтушіден Алушыға дейін жөнелтілімдерді қабылдау, өңдеу, жіберу және жеткізу бойынша Орындаушының қызметтері.
«Тапсырыс беруші» — осы Жария Оферта мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жөнелтілімдерді жіберуге және өзге де қызметтерге байланысты Орындаушының көрсетілген қызметтері үшін ақы төлеуді жүргізетін кез келген тұлғаны (жеке немесе заңды) білдіреді.
«Жөнелтуші», «Алушы» — қазіргі уақытта да, болашақта да Орындаушы және Тапсырыс беруші көрсететін қызметтерді сүйемелдейтін мән-жайлармен байланысты және Тапсырыс берушінің жөнелтілімдерін тапсыруға және алуға уәкілетті кез келген тұлға (заңды немесе жеке).
«Өтінім» — Орындаушының Қызмет көрсетуі туралы өтінішімен Тапсырыс берушіден не оның уәкілетті тұлғаларынан келіп түскен ресімдеу, өтініш, хабардар ету.
«Накладная» — оформляется Заказчиком, либо его уполномоченными лицами, электронно в личном кабинете, либо собственноручно при приёмке для каждого отдельного отправления, либо группы отправлений. Накладная является Соглашением между Заказчиком и Исполнителем в отношении каждого отдельного отправления, либо группы отправлений.
«Жөнелтілім» — үшінші тұлғалар Орындаушының Қызметтерінің көмегімен жіберетін және қабылдайтын кез келген құжаттарды немесе тауар салымдарын білдіреді. Жіберу кезінде жөнелтілімдер Орындаушының жүкқұжатымен қоса жүреді, оның негізінде Тапсырыс беруші Орындаушы көрсеткен қызметтерге ақы төлейді.
Қызметтер көрсету шарттары — Орындаушының сайтында, «Тарифтер мен қызметтер» бөлімінде жарияланған, сондай-ақ Тапсырыс берушінің не Жөнелтушінің қол қоюы оларды түсінуді және қабылдауды білдіретін әрбір жүкқұжаттың сыртқы жағында көрсетілген.
Тарифтер — Орындаушы көрсеткен қызметтер үшін төлем мөлшерлемелерінің жүйесі Орындаушының ресми сайтында «Тарифтер мен қызметтер» бөлімінде жарияланған.
Тарифтік аймақтар — Орындаушының тарифтері жарамды географиялық облыстар, Орындаушының ресми сайтында «Аймақтар жіктеуіші» бөлімінде берілген, «Аймақтар жіктеуіші» тармағына тікелей сілтеме.
Қосымша қызметтер — жөнелтілімдерді орау, жөнелтілімдер мәртебесінің жай-күйі туралы Тапсырыс берушіні хабардар ету, белгілі бір уақытқа жеткізу, шоттты ұсыну және өзге де қызметтер бойынша Орындаушы көрсететін қызметтер. Орындаушының ресми сайтында «Қосымша қызметтер» бөлімінде көрсетілген, «Қосымша қызметтер» тармағына тікелей сілтеме.
Акцепт — Тапсырыс берушінің Жария офертаның шарттарын толық және сөзсіз қабылдауы.
Сайт — Орындаушының Интернет желісінде www.exline.kz мекенжайы бойынша қол жетімді электрондық құжаттарының (файлдарының) жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес бұл құжат Жария оферта болып табылады және төменде баяндалған шарттарды қабылдаған жағдайда Орындаушының жөнелтілімдерді жеке мақсаттарда пайдалану үшін қабылдау, жіберу және жеткізу жөніндегі қызметтеріне тапсырыс беруге ниеті бар, не осы Жария офертаның Акцептін жүргізетін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін кез келген тұлға (жеке немесе заңды) осы Жария офертаның шарттарына сәйкес Орындаушының қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 396-бабының 3-тармағына сәйкес Тапсырыс берушінің қызметтерге ақы төлеуі Жария офертаның акцепті болып табылады, ол Жария офертада жазылған шарттарда Шарт жасасуға тең деп есептеледі.
Орындаушы пошта операторы болып табылады және Тапсырыс берушінің жөнелтілімдерін Қазақстан Республикасының аумағы және әлем бойынша қабылдауды және жеткізуді жүзеге асырады, сондай-ақ өзге де қызметтер көрсетеді.
Тапсырыс беруші Орындаушының қызметтеріне осы Жария Офертаның шарттарына сәйкес ақы төлейді.
Осы Жария оферта және оған мекенжай сілтемелері бойынша қол жетімді барлық қосымшалар Орындаушының ресми құжаттары және Жария офертаның ажырамас бөлігі болып табылады.
Қызметтерді көрсетуге арналған өтінімді Тапсырыс беруші Орындаушының ресми сайты арқылы, Орындаушының Call-center-мен телефон немесе электрондық байланыс арқылы жүзеге асырады.
Өтінімді Орындаушының ресми сайтында тіркеу (жариялау) кезінде Тапсырыс беруші өзі туралы мынадай тіркеу ақпаратын беруге міндеттенеді:
Тапсырыс берушінің осы Жария Оферта шарттарын қабылдауы Тапсырыс берушінің интернет-сайттағы тіркеу нысанына тиісті деректерді енгізуі арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берушінің өзі туралы тіркеу ақпаратын редакциялауға құқығы бар. Орындаушы Тапсырыс берушінің тіркеу деректерін www.exline.kz Интернет-сайтында, сондай-ақ Тапсырыс берушінің жеке деректеріне қатысты өзге де ақпаратты Қызметтер көрсетуге арналған өтінімді орындауға қатысы жоқ тұлғаларға хабарламауға міндеттенеді.
Өтінімді жариялау және деректерді тіркеу кезінде берілген ақпараттың мазмұны мен сенімділігі үшін Тапсырыс беруші жауапты болады.
www.exline.kz сайтында ұсынылған барлық ақпараттық материалдар анықтамалық сипатта болады және сенімді ақпаратты толық көлемде бере алмайды. Жөнелтілімдерді жіберуге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Тапсырыс беруші Өтінімді жариялаудың алдында Орындаушы телефондарының байланыс нөмірлері бойынша консультация алуға жүгінуі, Орындаушының ресми сайтындағы «Кері қоңырау шалуға тапсырыс» бөліміндегі онлайн сервисті пайдалануы немесе almaty@exline.kz электрондық поштасына сұрау салу жіберуі қажет.
Тапсырыс берушінің Жөнелтілімдерін қабылдау Жөнелтуші жеке кабинетте жасайтын не өз қолымен толтыратын электрондық/фирмалық жүкқұжат не Орындаушының тізілімі бойынша жүзеге асырылады.
Жөнелтілімдер Жөнелтуші мен Алушының мекенжайлары көрсетіле отырып, оралған түрде жіберуге тапсырылады. Жөнелтілімдердің орамында бүтіндіктің бұзылуы немесе зақымдану іздері (ағу, жарылу, майысу және т.б.) болмауы тиіс. Сәлемдемелер техникалық шарттарға, тасымалдау қашықтығының алыстығына, олардың толық сақталуын қамтамасыз ететін жіберілетін тауар салымының сипатына сәйкес келетін жарамды ыдыста берілуі тиіс.
Жөнелтуші Орындаушының талабы бойынша тасымалдау процесінде Жөнелтілімдердің сақталуына қауіп тудыратын ораманың анықталған кемшіліктерін жоюы тиіс. Жөнелтуші әрекет етпеген жағдайда, Орындаушы жүкқұжаттың барлық даналарына анықталған кемшіліктер туралы белгі қояды. Жөнелтілімді қабылдау кезінде анықталған кемшіліктердің (тауарлық салымның жетіспеуі, бүлінуі, зақымдануы) салдарынан оған келтірілген залалды Орындаушы өтемейді.
Егер Тапсырыс беруші осы қызметтер үшін ақы төлеуді жүргізбесе, Тапсырыс берушінің қосымша қызметтер үшін өзінің жүкқұжат данасына/тізіліміне белгі қоюға құқығы жоқ.
Жеткізу Жөнелтілімді Алушыға нақты берген сәтте орындалды деп есептеледі. Жөнелтілімді жеткізудің дәлелі Жөнелтілім жүкқұжатындағы, Орындаушының жеткізу тізіліміндегі Алушының өз қолы не Орындаушының мобильді қосымшасынан келген push-хабарлама арқылы қойған электрондық қолтаңбасы болып табылады.
Заңды тұлғалардың мекенжайына Жөнелтілімдер Алушының Жөнелтілімдерді алуға жауапты кез келген бөлімшесінің (қабылдау, кеңсе, reception, күзет қызметі және т.б.) кез келген қызметкеріне тапсырылады.
Жеке тұлғалардың мекенжайына Жөнелтілімдер Алушыға не Алушының кәмелетке толған отбасы мүшелеріне жеткізу жүкқұжатында немесе тізілімінде Алушының кәмелетке толған отбасы мүшесінің туыстық дәрежесін көрсете отырып тапсырылады.
Жүкқұжатта көрсетілген Алушының мекенжайын табу мүмкін болмаған жағдайда, Орындаушы Жөнелтушіге Алушының орналасқан жерін не оның жаңа мекенжайын нақтылау туралы сұрау салады.
Жөнелтілімнің кездейсоқ, абайсызда бүліну, жоғалу немесе зақымдану тәуекелі Алушыға қолын қойғызып жөнелтілімдерді нақты жеткізген сәттен бастап Тапсырыс берушіге ауысады, мұндай жағдайларда Орындаушы залалды өтемейді.
Жөнелтуші жүкқұжатта көрсетілген Алушының байланыс деректері туралы дәйексіз ақпарат берген жағдайда, Орындаушы Тапсырыс берушінің алдында тиісінше жеткізілмегені үшін жауапты болмайды.
Жөнелтілімдерді жеткізудің бақылау мерзімдері Орындаушының ресми сайтында www.exline.kz мекенжайы бойынша «Жеткізу мерзімдері» бөлімінде жарияланған және қол жетімді, «Жеткізу мерзімдері» тармағына тікелей сілтеме.
Жеткiзудiң бақылау мерзiмi географиялық аймаққа, Тапсырыс берушi тапсырыс берген Қызметтердiң болуына және Жөнелтiлімдердi жiберу мен жеткiзуге қажеттi уақытқа байланысты болады. Орындаушы Қызметтерді көрсетуге міндеттенетін мерзімдер тасымалдаушының көлік қозғалысы кестесін есепке ала отырып есептелген және Жөнелтілімдерді қабылдау күнін, демалыс және мереке күндерін қамтымайды.
Көрсетілетін қызметтерге тарифтерді Орындаушы біржақты даусыз тәртіппен айқындайды, Орындаушының ресми сайтында, www.exline.kz мекенжайы бойынша, «Тарифтер мен қызметтер» бөлімінде жарияланған және қолжетімді.
Тапсырыс беруші Жөнелтілімнің тарифтерін, тарифтік аймақтарын және болжамды құнын Орындаушының байланыс телефондары арқылы немесе тауар салымының қысқаша сипаттамасымен, жіберу типін (шұғыл — шұғыл емес), шамамен салмағын (физикалық — көлемді), Жөнелтілімді жинау және жеткізу мекенжайын көрсете отырып, almaty@exline.kz электрондық поштасына сұрау салу жібере отырып нақтылайды.
Жіберу типі (шұғыл - шұғыл емес), шамамен салмағы (физикалық — көлемді), жөнелту және межелі пункттері (қайдан – қайда) туралы ақпаратқа ие бола отырып, Тапсырыс беруші Орындаушының www.exline.kz сайтында, «Сервистер» бөлімінде, «Тарифтік калькулятор» тармағында жөнелтудің болжамды құнын дербес есептей алады, «Құнын есептеу» тармағына тікелей сілтеме.
Орындаушы Қызметтерінің құнын есептеу жіберу типіне (шұғыл - шұғыл емес), физикалық және/немесе көлемдік салмаққа (есепке ең көп салмақ қолданылады) сүйене отырып, өзекті тарифтерге сәйкес жүргізіледі. Көрсетілген қызмет үшін қорытынды сома: негізгі тарифті, жанармай алымы үшін негізгі тарифтің 10%-ын, минималды мөлшері 15 000 теңгені құрайтын Жөнелтілімнің жарияланған құнының 1%-ын, максимум – 1 500 000 теңгені (Орындаушының жауапкершілік лимиті), сондай-ақ Тапсырыс беруші тапсырыс берген қосымша қызметтер үшін тарифтерді қамтиды.
Қызметтерге ақы төлеуді Тапсырыс беруші Жөнелтілімді жеткізу сәтіне дейін қабылдау фактісі бойынша 100% алдын ала ақы төлеу жолымен немесе Орындаушыдан ақы төлеуге шот-фактураны алған сәттен бастап 5 (бес) банк күнінің ішінде (тек заңды тұлғалар үшін және Курьерлік қызметтер көрсетуге арналған шарт немесе Қызметтерге ақы төлеу туралы кепілдік хат жасалған жағдайда) жүргізеді.
Төлем теңгеде, қолма-қол қаражатпен (тек қана Алматы қаласы үшін), электрондық төлем жүйелері (терминалдар, төлем карталары) арқылы немесе Орындаушының банк шоттарына аудару арқылы (тек заңды тұлғалар үшін және Курьерлік қызметтер көрсетуге арналған шарт немесе Қызметтерге ақы төлеу туралы кепілдік хат жасалған жағдайда) жүргізіледі.
Тапсырыс берушіден Жөнелтілімдерді жөнелтуге өтінімдерді демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 09: 00-ден 18: 00-ге дейін қабылдауға. Орындаушы сағат 15: 00-ден кейін алған Өтінімді орындау келесі жұмыс күніне не Тапсырыс берушімен келісілген күнге ауыстырылады.
Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша Тапсырыс беруші көрсеткен Жөнелтушінің мекенжайына курьерді тегін жіберуге (егер уақыт Тараптармен келісілмесе, онда Орындаушының жұмыс күні ішінде).
Жөнелтушінің Жүкқұжаттарда көрсеткен Алушылардың мекенжайлары бойынша Жөнелтілімдерді уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуге.
Жөнелтілімдерді қабылдаған сәттен бастап Алушыға тапсырған сәтке дейін оларды сақтау үшін барлық қажетті шараларды қамтамасыз етуге.
Тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша Жөнелтілімдерді жеткізу уақыты туралы қажетті ақпаратты, сондай-ақ Орындаушының сервисінде көзделген басқа да ақпаратты беруге.
Алушы Жөнелтілімнен бас тартқан жағдайда, Тапсырыс берушіге Жөнелтілімді алудан бас тарту себептері туралы хабарлауға, Жөнелтілім бойынша одан арғы нұсқаулықтарды сұратуға не Жөнелтілімді жіберу және қайтару үшін төлем кепілдігін көрсете отырып, Тапсырыс берушіге жеткізілмеген Жөнелтілімді оның жазбаша өтініші бойынша қайтаруға міндетті.
Егер Жөнелтiлімдi алу кезiнде Алушы сыртқы ораманың бүтіндігінің бұзылуын немесе Жөнелтiлімдердi жiберуге және жеткiзуге қабылданған саны мен сапасының сәйкессiздiгiн анықтаған жағдайда, Орындаушы Алушының өкiлiмен бiрлесiп тиiстi Акт жасауға мiндеттi.
Қызметтерді көрсету шарттарының өзгерістері мен толықтырулары бойынша ақпаратты өзінің Ресми сайтында уақтылы жаңартуға.
Тапсырыс беруші осы Жария Оферта шарттарын бұзған жағдайда Тапсырыс берушінің Жөнелтілімін жіберуден бас тартуға құқылы.
Өзінің ерекше қасиеттері, салмақтық және габариттік сипаттамалары бойынша Орындаушының талаптарына сәйкес келмейтін Жөнелтілімді жіберуден бас тартуға.
Көрсеткен қызметтері үшін Тапсырыс беруші мерзімі өткен дебиторлық берешегін толық төлегенге не толық жойғанға дейін Жөнелтілімдерді ұстап қалуға (тек заңды тұлғалар үшін және Курьерлік қызметтер көрсетуге арналған шарт немесе Қызметтерге ақы төлеу туралы кепілдік хат жасалған жағдайда).
Жөнелтілімнің ішкі салымын оның бүлінуі, Қазақстан Республикасының заңнамасымен жіберуге тыйым салынған және/немесе шектелген заттар мен нәрселердің анықталуы тұрғысынан тексеруге.
Рұқсатсыз ашудан, жосықсыз тасымалдаушылар мен қойма терминалдарының қызметкерлерiнен қорғау мақсатында Жөнелтушiнiң фирмалық тауар орамасына (Жөнелтiлімiне) Орындаушының скотч пен өзге де жапсырмаларын жапсыруға.
Орындаушының коммерциялық ұсыныстары мен тұсаукесерлеріндегі сайтта Тапсырыс берушінің атын, тауар белгісін (логотипін) жариялауға және оған сілтемелер жасауға.
Орындаушы қоятын ережелер мен талаптарды өзі орындауға және өзінің Жөнелтушісін таныстыруға:
Орындаушы қоятын ережелер мен талаптарды өзі орындауға және өзінің Алушысын таныстыруға:
Орындаушының Қызметтеріне Орындаушының тарифтеріне және тапсырыс берілген Қызметтерге сәйкес уақтылы ақы төлеуге.
Орындаушының сұрау салуы бойынша жөнелтілімнің қауіпті емес екенін және көліктің кез келген түрімен (әуе, т/ж, авто) жөнелтілуі мүмкін екенін растайтын ресми құжаттарды беруге.
Осы Жария Оферта белгілеген тәртіппен және шарттарда Орындаушыдан Қызметтерді уақтылы және толық көлемде алуға.
Орындаушы осы Жария Офертаның шарттарын бұзған жағдайда Орындаушының Қызметтерінен бас тартуға.
Өз Жөнелтілімдерін жіберудің егжей-тегжейлері туралы ақпарат алуға.
Орындаушы мен Тапсырыс беруші осы Жария Оферта бойынша жұмыс процесінде бір-біріне берілетін барлық іскерлік ақпаратты құпия деп есептейді.
Орындаушы мен Тапсырыс беруші құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге (құпиялылықты сақтауға) міндетті, мына жағдайларды қоспағанда:
Тапсырыс беруші Жария Оферта белгілеген тәртіппен Акцепті жасау кезінде дербес деректерді жинауға, өңдеуге байланысты қатынастарды регламенттейтін заңнамаға сәйкес Тапсырыс беруші Орындаушыға және үшінші тұлғаларға Орындаушымен бұрыннан бар немесе туындайтын немесе болашақта туындайтын кез келген азаматтық-құқықтық және (немесе) өзге де құқықтық қатынастарға байланысты Тапсырыс берушінің де, Жөнелтушінің немесе Алушының да дербес деректерін Жария Офертамен регламенттелген мақсаттарда заңнамаға қайшы келмейтін тәсілдермен және көздерде, оның ішінде Орындаушының қалауы бойынша жалпыға қолжетімді жинауға, өңдеуге, трансшекаралық беруге (халықаралық сипаттағы жөнелтілімдер үшін) сөзсіз келісім береді.
Тапсырыс берушінің, оның ішінде Жөнелтушінің немесе Алушының дербес деректері деп Орындаушы мен Тапсырыс беруші Тапсырыс берушіге, оның ішінде Жөнелтушіге немесе Алушыға қатысты төмендегі мәліметтерді, сондай-ақ оларда болашақта болып жатқан, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасығышта жазылған өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей: компанияның атауын/тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), меншіктің заңды нысанын, БСН/ЖСН, заңды мекенжайын, пошталық мекенжайын (тұрғылықты жерінің мекенжайын, орналасқан жерінің тіркелген мекенжайын), үй, жұмыс, ұялы телефон нөмірлерін, электрондық поштасының мекенжайы (ларын) айқындады.
Орындаушы Тапсырыс берушінің, оның ішінде Жөнелтушінің немесе Алушының дербес деректерін жинауды, өңдеуді және трансшекаралық беруді (халықаралық сипаттағы жөнелтілімдер үшін), мынадай мақсаттар үшін, бірақ онымен шектелмей, қоса алғанда жүзеге асырады:
Тапсырыс беруші Орындаушыға дербес деректерді ашық байланыс арналары арқылы бере отырып, оларды өзге тұлғалардың рұқсатсыз алу тәуекелін және осыған байланысты салдарларды түсінеді және өзіне қабылдайды. Орындаушы дербес деректерді ашық байланыс арналарымен беру кезінде өзге тұлғалар оларды рұқсатсыз алған кезде жауапты болмайды.
Осы бөлімде регламенттелген Тапсырыс берушінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге және трансшекаралық беруге (халықаралық сипаттағы жөнелтілімдер үшін) келісімі Қазақстан Республикасының заңнамасында регламенттелген жағдайларда Тапсырыс берушінің жазбаша нысанда ресімделген тиісті өтініші негізінде қайтарып алынуы мүмкін, ол Орындаушыға осы келісімді қайтарып алу күніне дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн мерзімде тапсырылады. Бұл ретте, Тапсырыс берушіге егер бұл қайтарып алу заңнамаға қайшы келетін жағдайларда не Тапсырыс беруші Орындаушының алдында орындамаған міндеттемелері болған кезде осы келісім кері қайтарып алуға болмайтыны белгілі.
Жөнелтілімдердің ішкі мазмұны үшін Тапсырыс беруші, оның ішінде Тапсырыс берушінің Жөнелтушісі жауапты болады. Тапсырыс берушіге, оның ішінде Тапсырыс берушінің Жөнелтушісіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жіберуге тыйым салынған қару, оқ-дәрілер, жарылыс қаупі бар, тез тұтанатын, улағыш, радиоактивті, есірткі, психотроптық заттар мен басқа да салымдар салынған Жөнелтілімдерді жіберуге тыйым салынатыны туралы ескертілді, сондай-ақ Жөнелтілімдердің мазмұны қауіпті материалдар, заттар немесе қалдықтар ретінде жіктелмейтініне кепілдік береді. Орындаушы жүкқұжатындағы жеке қолы не Тапсырыс берушінің жеке кабинетiндегi осы Жария Оферта шарттарымен келiсуі Жөнелтiлімдердің iшкi мазмұны үшiн жауапкершiлiктi Тапсырыс берушінің/Тапсырыс беруші Жөнелтушiсiнiң өз мойнына алғанына кепiл болып табылады.
Орындаушы Жөнелтілімдерді Жөнелтушіден қабылдаған сәттен бастап Алушыға берген сәтке дейін оны сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
Орындаушы келесі жағдайларда жауапты болады:
Жөнелтілім салымының бір бөлігі жоғалғаны, жетіспегені немесе зақымданғаны (бүлінгені) үшін Орындаушы мынадай мөлшерде жауапты болады:
Орындаушының ресми сайтында www.exline.kz мекенжайы бойынша «Жеткізу мерзімдері» бөлімінде «Жеткізу мерзімдері» тармағына тікелей сілтеме, көрсетілген Экспресс жөнелтілімдерді жіберудің бақылау мерзімдерін бұзғаны үшін Орындаушы Тапсырыс беруші қойған талап-шағым негізінде Тапсырыс берушінің жіберіп алған коммерциялық пайдасын және өзге де жанама шығындарын қоспағанда, Тапсырыс берушіге Экспресс жөнелтілімдер мен шұғыл емес сипаттағы Жөнелтілімдерді жіберу төлемінің арасындағы тарифтердің айырмасын төлейді.
Орындаушының ресми сайтында www.exline.kz мекенжайы бойынша «Жеткізу мерзімдері» бөлімінде «Жеткізу мерзімдері» тармағына тікелей сілтеме, көрсетілген шұғыл емес сипаттағы Жөнелтілімдерді жіберудің бақылау мерзімдерін бұзғаны үшін Орындаушы Тапсырыс берушінің қойған шағым-талап негізінде бірақ Тапсырыс берушінің жіберіп алған коммерциялық пайдасы мен өзге де жанама шығындарын қоспағанда, көрсетілген Қызмет үшін төленген тарифтің сомасынан аспайтын мөлшерде Тапсырыс берушіге әрбір кешіктірілген жұмыс күні үшін төленген тарифтің 3 (үш) пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
Егер Тапсырыс берушінің алдындағы міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау еңсерілмейтін күштің немесе жөнелтілім салымының, оның ішінде Жөнелтілімді жөнелту кезінде ерекше температуралық режимді талап ететін ерекше қасиеттерінің салдарынан болғаны дәлелденсе, Орындаушы Жөнелтілімнің жоғалғаны, жетіспегені немесе зақымданғаны (бүлінгені), Жөнелтілімді жіберудің бақылау мерзімдерін бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
Тапсырыс берушінің «Белгілі бір уақытқа, демалыс және мереке күндері жеткізу» қызметі бойынша тапсырыс берген жөнелтілімдерін жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, Орындаушы Тапсырыс беруші қойған шағым-талап негізінде Тапсырыс беруші жіберу үшін негізгі тарифтің сомасын міндетті түрде төлей отырып, осы қызмет үшін өндіріп алынған қосымша тарифті Тапсырыс берушіге қайтаруды жүзеге асырады. Тапсырыс берушінің «Белгілі бір уақытқа, демалыс және мереке күндері жеткізу» қызметі бойынша тапсырыс берген жөнелтілімдерін жеткізу мүмкін болмаған жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушінің жіберіп алған коммерциялық пайдасы және өзге де жанама шығындарын өтемейді.
Орындаушы Тапсырыс берушінің Жөнелтілімге қатысты толық емес немесе дәйексіз ақпарат беруі нәтижесінде туындаған кез келген салдарлар үшін жауапты болмайды.
Орындаушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Пошта туралы заңда, Байланыс туралы заңда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша Тапсырыс берушіге көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.
Тапсырыс беруші, оның ішінде Тапсырыс берушінің Жөнелтушісі осы Жария офертаның және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының шарттарына сәйкес Орындаушының курьерлік желісі арқылы жіберілетін Жөнелтілімдер туралы мәліметтердің сенімділігі үшін жауапты болады.
Тапсырыс беруші Орындаушыға келтірілген және туындаған залал үшін жауапкершілікті көтереді:
Орындаушы Қазақстан Республикасының кеден және/немесе өзге де билік органдары, сондай-ақ орындалуы Орындаушының Тапсырысшы алдындағы мiндеттемелерiн орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына әкеп соғуы мүмкiн қауiпсiздiк және қадағалау қызметтерi қабылдаған шешiмдер мен iс-әрекеттер үшiн жауапты болмайды.
Орындаушы сыртқы ораманың, пломбалардың, мөрлер мен байлаулардың бүтіндігі кезінде, сондай-ақ егер Жөнелтілімнің (салымның немесе салымның бір бөлігінің) жоғалу, бүліну фактісі Алушы Жөнелтілімді қол қойып қабылдағаннан кейін анықталса, сондай-ақ егер тапсыру кезінде Орындаушы өкілінің қатысуымен акт жасалмаса, Жөнелтілімнің мазмұны үшін жауапты болмайды. Орындаушы Жөнелтушінің күшімен жүргізілген сыртқы ораманың бүтіндігі кезінде немесе егер Жөнелтілімді қабылдау кезінде Орындаушының жүкқұжаттарының барлық даналарында жөнелтілім ішінде орын ауыстыратын салым туралы немесе ораманың жетіспеушілігі және Жөнелтушінің қосымша ақы төленетін «Орама» қызметін көрсетуден бас тартуы туралы белгілер жасалса, ішкі салымның зақымданғаны үшін жауапты болмайды.
Орындаушы шағым-талапты Жөнелтілімді жіберуге қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап 4 (төрт) ай ішінде Тапсырыс берушіден ғана қабылдайды.
Тапсырыс беруші шағым-талапты жазбаша түрде не Орындаушының www.exline.kz ресми сайты, «Сервистер» бөлімі, «Сапаны бақылау» тармағы арқылы береді. Шағымды қарау мерзiмi берiлген күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмейді.
Жөнелтiлімдердi жiберу процесiнде анық залал келтiрiлген немесе жоғалу фактiсi болған кезде Тараптар дереу хабардар етiлуi тиiс, бұл шағым-талап және залалды өтеудi талап ету үшiн негiз болып табылады.
Жетіспеу, зақымдану (бүліну) және залал сомасын белгілеу туралы акт жасау үшін міндетті түрде Алушының (және/немесе Тапсырыс берушінің) және Орындаушының (немесе уәкілетті өкілдің) өкілдерінен комиссия құрылады.
Залалды өтеуге қатысты шағым-талаптарды тиісінше қарау мақсатында мүдделі тарапқа залалдың нақты сомасын растайтын барлық қажетті құжатты кешіктірместен беру ұсынылады, атап айтқанда:
Талап-шағымға жауап жазбаша түрде не Тапсырыс берушінің электрондық мекенжайына беріледі. Орындаушы жауапта Жария оферта шарттарына сәйкес негіздерді және шешім қабылдау себептерін, сондай-ақ наразылықты реттеу тәртібі туралы ұсыныстарды міндетті түрде көрсетеді.
Барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
Орындаушы мен Тапсырыс беруші Орындаушы өз қалауы бойынша Жария Офертаны, оның ішінде Қызметтерді көрсету шарттарын және/немесе тәртібін, Қызметтердің көлемін, санын және/немесе жиынтығын, олардың құнын өзгертуге және/немесе толықтыруға құқылы деген келісімге келді.
Орындаушы жүргізген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы Тапсырыс берушіні хабардар ету өзгерістер және/немесе толықтырулар күшіне енгенге дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын кез келген жалпыға қолжетімді тәсілмен, оның ішінде Орындаушының ресми Сайтында ақпаратты жариялау және/немесе электрондық пошта арқылы Тапсырыс берушіге хабарлама жіберу жолымен жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші Орындаушы Жария офертаға енгізетін өзгерістермен және/немесе толықтырулармен келіспеген жағдайда, ол бұл туралы Орындаушыны өзгерістер және/немесе толықтырулар күшіне енетін мерзімге дейін жазбаша хабардар етуге және/немесе Орындаушының Қызметтерін пайдалануды тоқтатуға міндетті. Орындаушы мен Тапсырыс беруші Тапсырыс беруші тарапынан мұндай жазбаша хабардар етудің болмауы оның Орындаушы ұсынған Жария офертаға енгізілген өзгерістерге және/немесе толықтыруларға келісімі ретінде қаралатынына келісті. Жария оферта Орындаушының хабардар етуінде көрсетілген сәттен бастап және оның негізінде Жария офертаға қандай да бір қосымша келісімдерге қол қоймай өзгертілген және/немесе толықтырылған болып есептеледі;
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395- бабының 3-тармағына сәйкес осы Жария оферта қайтарып алынбайтын болып табылмайды. Орындаушы осы Жария оферта шарттарымен келіспейтінін білдірген тұлғалардың Өтінімдерін жариялаудан бас тартуға құқылы.
Орындаушы мен Тапсырыс беруші осы Жария офертаны мерзімінен бұрын бұзуға құқылы. Жария офертаның қолданылуын тоқтату туралы хабардар ету басқа тарапқа бұзу болжанған күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей жазбаша немесе электрондық түрде жіберілуі тиіс. Бұзу туралы хабардар етуді алған Тарап Жария офертаны бұзу туралы хабардар етуді қабылдағаны туралы жазбаша немесе электрондық түрде хабарлауға міндетті.
Орындаушы мен Тапсырыс беруші осы Жария оферта бойынша міндеттемелерді толық не ішінара орындамағаны, сондай-ақ оларды орындауды кешіктіргені үшін, егер бұл еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайларының салдары, оның ішінде бірақ онымен шектелмей, келесі мән-жайларды қоса алғанда, дүлей зілзалалар, блокада, саяси, азаматтық, әскери жанжалдар (төңкеріс, көтеріліс, ереуіл), билік органдарының шешімдері, террорлық акт, эмбарго, өрт, су тасқыны, жарылыстар, үшінші тараптың құқыққа қарсы іс-әрекеттері, осы Жария оферта бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауына әкеп соққан заңнаманың өзгеруі үшін жауапкершіліктен босатылады.
Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, одан зардап шеккен тарап бұл туралы екінші тарапты 5 (бес) жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабардар етеді. Осы Жария оферта бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары әрекет еткен уақытқа мөлшерлес кейінге шегеріледі.
Тапсырыс беруші Орындаушы жөнелтілімдерді тасымалдау және осы Жария оферта бойынша міндеттемелерді орындау үшін әуе, жерүсті немесе өзге тасымалдаушы тұлғасында үшінші тараптың қызметтерін пайдалана алатынына келіседі, бірақ бұл ретте Орындаушы жіберуге қабылданған Жөнелтілікмдер үшін жауапкершілікті өзінен алып тастамайды.
Осымен Орындаушы мен Тапсырыс беруші Тапсырыс берушінің жеке кабинетінде электрондық жүкқұжаттарды ресімдейтін, сондай-ақ барлық құжаттарды (жүкқұжаттарды, тізілімдерді және т.б.) толтыратын және қол қоятын және деректерді беретін тұлғалардың уәкілетті болып табылатынын және тиісті сенімхаттары мен өзге де уәкілетті құжаттары бар барлық лауазымдық, еңбек, азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие екенін растайды.
Осы Жария оферта Тапсырыс берушінің осы Жария оферта (Акцепт) шарттарын толық және сөзсіз қабылдаған сәтінен бастап күшіне енеді.
Осы Жария офертаны орындаудан не түсіндіруден туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктерді Орындаушы мен Тапсырыс беруші келіссөздер жолымен шешеді. Егер Орындаушы мен Тапсырыс беруші өзара келісімге қол жеткізбеген жағдайда, дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот органдарының қарауына беріледі.
Осы Жария офертада реттелмеген барлық өзге шарттар бойынша Орындаушы мен Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен нормаларын басшылыққа алады.
Сұрақтар туындаған жағдайда, Тапсырыс беруші Орындаушыға мына мекенжай бойынша хабарласа алады:
ҚР, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Жетісу көшесі, №43
телефон бойынша: +7 (727) 390 30 00 немесе электрондық пошта арқылы: almaty@exline.kz
ExLine - сенімді жеткізу желісі!